«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің бір бөлігі аяқталды

Әр жолақтың ені 11 метр

Батысқа бастар даңғыл жол. Халықаралық «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізі құрылысының бір бөлігі аяқталды.

Халықаралық дәліздің біздің облыстан өтетін бұл бөлігі 24 шақырымды құрайды

Бұл жұмыстар ауқымы өте үлкен істің соңғы сәттері. Жұмысшылар жол үстіне бетон төсеп, ешқашан ажырамайтындай етіп нығыздауда. Өйткені, бұл тас жолмен жүк көліктері жиі жүретін болады. Атақты автодәліздің соңғы метрлерін цемент жапса болғаны, Оңтүстік Қазақстан облысындағы бір бөліктің құрылысы бітеді.

Жұмысшылар бетондаудың аз ақ алдында тұрған жол бөлігіне естелік қалдыруға асығып жатыр. Ал жетекшілік болса, құрылыстың бітуін тойлауды бастап жіберді.

Халықаралық дәліздің біздің облыстан өтетін бұл бөлігі 24 шақырымды құрайды. Бұл бөлік Оңтүстіктегі учаскелердің ең қысқасы болып табылады. Сондықтан да корейлік компания өз ісін баршадан бұрын бітіп отыр. Жұмыстарды жасауға 3 жыл уақыт кеткен.

Автожол халықаралық талаптарға сай. Ондағы әрбір жолақ 11 метрді құраса, қалыңдығы 27 сантиметрге жетеді. Тас жол ауыр жүк көліктері үшін таптырмас даңғыл болмақ. Тәулігіне мұнда 14 мың теміртұлпар еркін жүйтки алады. Және оның қызмет көрсету мерзімі 30 жыл. Сужаңа жолдағы жұмыстың сапасын жылдар бойы бақылаған мамандар осылай қорыттты.

Мердігерлер енді жол белгілерін орнатып, аз-кем істі бітірсе болғаны. Батысқа қарай жол тартуға әбден болады. «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің бұл бөлігі 1 қыркүйектен бастап пайдалануға беріледі.

Жол құрылысының бітуін Оңтүстік Кореялық мердігер компания тойлады
Әр жолақтың қалыңдығы 27 см.
Құрылыс 3 жыл бойы жүрді
Бірлігі жарасқан ұжым жұмысын барлық учаскелерден бұрын бітті
Ұжым сәтті істі тойлау үстінде
Әр жолақтың ені 11 метр

 

Жолдың қызмет көрсету мерзімі 30 жылға дейін дейді сарапшылар
Тәулігіне мұнда 14 мың көлік еркін жүйтки алады
Мұндағы әрбір істі жұмысшылар асқан ұқыптылықпен істейді
Жол төсеуге пайдаланылатын тауарлар арнайы мамандардың сараптауынан соң ғана жұмысқа жаратылады

 


Арман ҚАЙЫРБЕКОВ, «Автожол» департаментінің директоры
Дамир ӘЛІМОВ, «ҚазДорПроект» ЖШС-нің инженерлер қызметінің жетекшісі

 

Автодәліз 1 қыркүйектен бастап пайдалануға беріледі

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=WKFiiPjx02I&[/youtube]