Депутаттар бюджетті жиі өзгертуге қарсы

157
Бюджетті өзгерте беруді доғару керек

 

Бюджетті өзгерте беруді доғару керек
Бюджетті жиі өзгертуді доғару керек

Бюджетті жиі өзгертуді доғару керек. Қазына қаржысын тиімді, әрі мақсатты жұмсау мәселесін көтерген депутаттардың бүгінгі сессияда талқылағандары осы болды. Кіріс көзінен түскен 4 млрд. 700 млн. теңгені қай мақсатта пайдалану керек? 

Күн тәртібінде қаралған 11 сауалдың өзектісі бюджетке түскен қосымша қаржының жайы болды. Қазынаға түскен қомақты қаржының жұмсалуына депутаттар жіті көңіл бөліп отыр. Мақсатты жұмсалған қаржының кірісі де болады деген қағидаға сүйенсе керек, қаржы игеру мәселесінің айналасында орын алған мәселелер де көтерілді. Мәселен бюджет шығысы 99,4 пайызды құрап, 325 млн. теңге игерілмей қалған. Осындай олқылықтың орын алмауына алаңдайды олар.

Халық қалаулыларын алаңдатып отырған тағы бір мәселе бар. Ол бұқаралық спортты дамыту. Үшінші қала мәртебесін алып отырған Шымкент тұрғындарының 30 пайызын спортқа жұмылдыру керек. Ал бұл мәселеге келгенде қалалық спорт бөлімі дәрменсіздік танытып отыр. Осыны сынға алған депутаттар бағдарламаның барысын жылдамдатуды өтінді.

Олар аталған мәселелер бойынша нақтылы жоспар түзіп, нәтиже шығару керек деген ымырамен тарқасты. Қаланың қордаланған мәселелерін қала әкімімен бірлесіп шешу туралы да мұнда айтылды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=twle_CrqM_E[/youtube]