1 сәуірде автокөлік салығын төлеу мерзімі аяқталады

фото Егемен.кз

1 сәуірде автокөлік салығын төлеу мерзімі аяқталады. Биыл Шымкентте 351 мың көлік құралы үшін салық құны есептелген. Сома – 5,8 млрд теңгені құрайды. Сонымен қатар, Шымкентте өткен жылдан бері салық төлеуден жалтарған 20 мыңға жуық азамат бар. Берешек 1 млрд. теңгеден асады. 

Шымкентте 20 мыңға жуық азамат өткен жылғы автокөлік салығын төлеуден жалтарып жүр. Борышкерлердің берешегі 1 миллиард теңгеден асады. Олардың қарызын өндіру үшін мемлекеттік кірістер департаменті полиция қызметкерлерімен бірге рейдтік шаралар өткізеді. Бұл тұста «Қорғау» жүйесі арқылы анықталған көліктер де бар.

«Көлік салығы уақытылы 1 сәуірге дейін төленбеген жағдайда, 2 сәуірден бастап, әрбірі өткізілген күнге қосымша өсімпұл есептеледі. Бұдан бөлек берешегі бар тұлғаларға салықтық хабарламалар қалыптастырып, жолданатын болады. Одан кейін, 30 жұмыс күнінен кейін 1 АЕК жоғары борышкерлерге салық бұйрықтары қалыптастырылып, сот орындаушыларына жолданатын болады», -дейді Шымкент қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Шоқан Омарбеков.

1 сәуірде автокөлік салығын төлеу мерзімі аяқталады. Биыл мегаполисте 351 мың темір тұлпардың иесі мемлекетке салық төлейді. Сома – 5,8 млрд теңгені құрап отыр. Мамандар қазіргі таңда көлік иелеріне салық төлеу жолдары өте оңай екенін айтады.

«Бүгінгі таңда тікелей уәкілетті органдардың мәліметіне сәйкес 351 мың көлік құралы үшін 5,8 млрд теңге көлік салығы есептелінген. Бұл есептелген соманы Каспи және Халық банк қсымшалары арқылы хабарламалар жолданған. Бұдан бөлек осы мобильді қосымша арқылы төлеуге болады», – деп мәлімдеді Шымкент қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Шоқан Омарбеков.

Айта кетейік, мемлекетке салығын төлемеген азаматтарға алдымен салықтық хабарлама жолданып, 1 ай көлемінде күтеді. Егер 30 жұмыс күнінен кейін борышкер берешегін өтемесе, іс сот орындаушыларына жолданады.