ОҚО Достық аталатын каналына Өзбекстан азаматшасы суға кетіп, қайтыс болды. ҚР ТЖД хабарлағандай, Мақтарал ауданы, Жетіқұбыр ауылында 10-маусым күні күндізгі сағат 16.00-де 24 жастағы Өзбекстан азаматшасы шомылып жүріп суға кеткен.
Марқұмның денесі кешкі сағат 20.40-та құтқарушылардың көмегімен шығарылды. Сондай-ақ ТЖД Алматы облысының Бөлек ауылында да 21 жастағы азаматтың суға кетіп, қайтыс болғаны туралы ақпарат таратып отыр.
Суға түскенде барлық қауіпсіздік ережелері ескерілсе деген өтініш айтылды.