1 маусым-халықаралық балаларды қорғау күні. Дәл осы күні бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің 12- тур ойындары өтті. Бұл жолы Шымкенттің «БИІК» командасы «Мақтаралмен» кездесті. Оңтүстіктің қос командасы да 90 минут бойында ала допты қуалап, жеңімпазды анықтауға тырысты.
Жасыл жейде киіп, ала допты қуалаған №7 футбол мектебінің шәкірттері. Оларға мақтаралдықтар қарсы тұруда. Бірінші лигада оңтүстіктің намысын қорғауға тырысып жүрген бұл екі команданың да мақсаты — қоржынға үш ұпай салу. Алайда, қақпаға бағытталған доп көздеген мақсатқа жетпеді.
Бұл қос команда ел біріншілігіне дейін де бірнеше рет жолдастық кездесулерде сынға түсіп, бір-біріне таныс болып та қалған. Алайда, ол уақыттан бері команда құрамы біршама өзгеріп, мақтаралдықтар да шымкенттіктер де жеңісті қолдан бермеуде.
Бұл жолы оңтүстік аяқдопшыларының ептілігін байқау үшін трибунаға халық лық толды. Мақатаралдан ат терлеткен отандастарымыз да болды.
Алғашқы таимның өзінде-ақ Шымкенттіктердің қақпасына Мақтаралдан келген қонақтар гол соға білді. Алайда осымен олар шектелді. Ал таразs басын теңестіреміз деген жерлестеріміз ойынның екінші жартысында шабуылға көшті. Нәтижесінде есеп 1-1. Жеңімпаз сол күйінде анықталмады. Енді маусымның 23-і күні «БИІК» -«Булат-АМТ» кездессе, «Мақтарал» — «Каспииймен» бақ таласады.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=WEhRAqJRJ8Y[/youtube]