ОҚО тарихи-өлкетану мұражайының филиалы Көркемсурет галереясы суретші-шебер  Меруерт Торыбаеваның «Ұлы дала өрнектері» тақырыбындағы гобелендік туындыларының экспозицияланған көрмесін ашты.

Абстрактылы, сюжетті, мотивті туындылардың түстері мен композициялық құрылымы ұлттық құндылықтарға негізделген. Тасқа түскен таңбалар, стилизацияланған жан-жануарлар мен ою-өрнектердің формалары өте үйлесімді.

Ерекше тоқталып кететін жәйт, әт түрлі түстегі тоқылған жіптердің бірнен екіншісіне түрленуі өте ұтымды үндестік тапқан. Байырғы қазақтардың тоқыма тоқуында ән салып, сол арқылы шығармалар ақпарат тасымалдайды деген пікірі бар. Өз кезегіндегі мұндай танымды бүгінгі күнгі ғылыми-технологиялық зерттеулер дәлелдеп отыр. Меруерттің архетиптік бастаулардан алатын түстік және формалық туындылары, әрбір көрерменнің бір сәт олануға мәжбүрлейді. Бұл, біздің кейбір оқиғалардың қайталануындағы көріністерді ойлана толғанғандай әсер етеді.

сағымды көріністер
сағымды көріністер

Көрген көздің жауын балып, жан дүниеңді баурайтын өрнекті паннолар бірінен бірі өтеді. Әрбір туындының өз ерекшешілігі бар. Көркемсурет галереясында гобелен шығармаларының 30-дан астамы экспозицияланған. Келушілер  «Жарық шақ», «Жер ана», «Таңбалы тас», «Күрес» т.б. туындыларды тамашалап-тамсанды. Тіпті,  «үй қабырғасының ажарын ашатын  осындай шығармаларды  неге қазақ қызының жасауына қоспасқа» – деген пікірлерін де айтты. Шебердің онсаусағынан шыққан бұл жұмыстарды 2013 жылдың маусым айының соңына дейін тамашалай аласыздар.

Шеберлігіне қызығушылар
Шеберлігіне қызығушылар
Дала өрнегі
Дала өрнегі
графикалық шешімдегі туынды
графикалық шешімдегі туынды

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=NfySJxvya6I[/youtube]