Оңтүстіктің өнері қара жамылды

513
С.Ерубаев атындағы сыйлықтың лауреаты, режиссер-актер Ө.Тастанбеков өмірден өтті
С.Ерубаев атындағы сыйлықтың лауреаты, режиссер-актер Ө.Тастанбеков өмірден өтті
С.Ерубаев атындағы сыйлықтың лауреаты, режиссер-актер Ө.Тастанбеков өмірден өтті

Қазақ өнері орны толмас қазаға ұшырады. Белгілі режиссер актер, С.Ерубаев атындағы сыйлықтың лауреаты, Ж.Шанин атындағы облыстық  театрдың қоюшы режиссері Өтеулі Тастанбеков өмірден өтті.

Өмірінің соңына дейін Ж.Шанин атындағы облыстық драма театрда еңбек еткен Өтеулі Тастанбековтың 1 ай бұрын ғана зейнеткерлікке шыққан болатын. Өнердің өркендеуі үшін өткізген жылдардың зейнетін көруге жазбапты.

Талай туындыларды сахналап, талай актердің бағын жаққан режиссер байырғы актер де бола білді. Әсіресе, 2009 жылы Тастанбеков сомдаған Мұхаммед Хайдар Дулати тұлғасы өнер сыншыларының да көңілінен шыққан болатын. Кейінгі жылдары шәкірт тәрбиелеп, болашақ режиссерлерге жол сілтеген өнер қайраткері ақтық демі шыққанша қазақ өнері үшін қызмет етті.