Облыстың сазды-драма театры жаңа құраммен жасақталды

232

Облыс әкімі Түркістандағы жаңа сазды-драма театр құрамымен танысты. Шаһарда бой көтерген жаңа орталықта еліміздің шоқ жұлдызына айналған актерлер жиналған.

Олардың арасында Азамат Сатыбалды, Хамит Шаңғалиев, Данияр Базарқұлов, Айгерім Шарифуллина және Әсем Бозщиналар бар. Шығармашылық құрам мұнымен бітпек емес. 1 ақпан күні тағы кастинг өткізіліп, таланттар таңдалмақ. Ал өнер иелерінің алғашқы қойылымы наурыз айына жоспарланып отыр.

Назерке Үкібасова