Театр, мұражайлар қай комитетке қарайды?

64

Үкімет «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің республикалық мемлекеттік заңды тұлғаларының кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 17 тамыздағы қаулы қабылдады.

Қаулымен бірге қосылған 1-қосымшада республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың ресми атауы өзргертілетіні айтылып, тізімі берілген. Ал 2-қосымшада атауы өзгеретін республикалық мемлекеттік мекемелердің тізімі көрсетілген.

Атауы өзгертілген республикалық мемлекеттік заңды тұлғалар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетінің құзырына қараса, республикалық мемлекеттік мекемелердің басым бөлігі Мұрағат істері және құжаттаманы басқару комитетіне қарайтыны айтылған.

Сонымен, қаулы бойынша Мәдениет комитетінің құзырына мынадай заңды тұлғалар кіреді:

«Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

«М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

«М.Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

«Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

«Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

«Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны,

«Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Республикалық неміс драма театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

«Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

«Н.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық орыс балалар мен жасөспірімдер театры» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

«Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; «Қазақстан Республикасының Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы «мемлекеттік мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; «Ордабасы «ұлттық тарихи-мәдени қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; «Есік «мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; «Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; «Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы» республикалық мемлекеттік мекемесі; Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Аймақтық мұражайлар мен ансамбльдер.

Ал ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мұрағаттар істері және құжаттаманы басқару комитетінің құзырына қарайтын, атауы өзгертілген мемлекеттік мекемелер мыналар: «Орталық мемлекеттік мұрағаты» республикалық мемлекеттік мекемесі; «Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар және дыбыс жазбалары мұрағаты» республикалық мемлекеттік мекемесі; «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты» республикалық мемлекеттік мекемесі; «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі; «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты» республикалық мемлекеттік мекемесі. Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Шынар Оразова