Ретсіз саудамен күрес — бір күндік жұмыс емес

290
шаһардың шырайын құртуда

Жабайы саудамен күрес тағы да басталды. Отырған орнына ақша төлемей, әрі қаланың көркін қашырғандар ескертуді ескерер емес. Арнайы комиссия шаһардың үш ауданы бойынша тексеру жұмыстарына кірісті. 

 

ретсіз сауда қаланың көркін қашыруда
Ретсіз сауда қаланың көркін қашыруда

Шымкенттегі Республика даңғылының бойына жағалай орналасқан жабайы сауданың қатары азайған. Мүмкін алдын ала ескерту болған да шығар. Бірақ, ескертуге де, заңға да құлақ аспайтын мына сатушылар тексеру комиссиясының мүшелерін айқайдың астына алды.

шаһардың шырайын құртуда
Шаһардың шырайы құртылуда

Газет-журнал сататын Дильфуза Сидированың осы жерді сауда нүктесіне айналдырғалы 15 жылдың жүзі болыпты. Өзінің айтуынша екі рет сотқа тартылып, сан мәрте айыппұл төлеген. Аузы күйіп, әкімдіктегілерден арнайы дүңгіршек те сұраған. Бірақ рұқсат алмапты. Өзі бала-шағамды осымен асырап отырмын дейді.

Саудаға балаларда кірісіп кеткен
Саудаға балалар да кірісіп кеткен

Дильфуза Сидирова, сатушы: «Бізге арнайы дүңгіршек қойып беріңіздер. Табысым осы сауда көзі болғандықтан, салық төлеуге дайынмын. Мен азық-түлік сатуға дүкен немесе үй сұрап жатқаным жоқ».

ашық-шашық сатылған азық-түлікте тазалық сақталмаған
Азық-түлік ашық-шашық сатылуда

 

қаладағы жабайы сауданың бір көрінісі
қаладағы жабайы сауданың бір көрінісі

Ретсіз саудамен күрес бір күндік жұмыс емес. Үздіксіз ескерту мен тыңғылықты қадағалауды қажет етеді. Тек әкімнің бұйрығымен қимылдайтын жауаптылар барын салып, ретттемек те болды. Аяқ алып жүру мүмкін емес «Жабық» базардың маңы да жиналған. Уақытша болса да тап-таза. Арнайы топ базар сыртында балық сататын мына кісіні нысанаға алды. Сөйтсе, оның саудаға рұқсат қағазы жоқ екен. Балықты қайдан, қалай аулап келгені де белгісіз. Сондықтан болар, учаскелік полиция хаттама толтырып, саудасын жинатты.

Балықтар да көшеде сатылуда
Балықтар да көшеде сатылуда

 

Ескертуден кейін саудагерлер жинала бастады
Ескертуден кейін саудагерлер жинала бастады

Серғазы Сералиев, Абай АІІБ учаскелік инспекторы: «Айыппұл салып, хаттама толтырып экономикалық сотқа өткіземіз. Ескертуді тыңдайтындар аз. Сондықтан осындай шараға барамыз. Күнделікті «Жабық», «Көмешбұлақ» базарлары маңында осындай түсіндірме жұмыстарын көптеп жүргіземіз».

Айтпақшы, ретсіз саудамен күрес көзбояушылық емес дейді кәсіпкерлік бөлімінің мамандары. Нәтижесі де көңілге қонымды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=QH3dXVsmBVU[/youtube]