Салық төлемей шетелге шыға алмайсыз

301
Абай аудандық салық басқармасы жол полициясымен бірігіп көше торуылдауға шықты

 

Абай аудандық салық басқармасы жол полициясымен бірігіп көше торуылдауға шықты
Абай аудандық салық басқармасы жол полициясымен бірігіп көше торуылдауға шықты

ОҚО салық төлемеген борышкерлер саны жағынан екінші орында тұр. Өңірімізде олардың саны бес мыңнана асып жығылады. Егер осы санаққа кірген болсаңыз, ескертеміз, Сіз шетелге шығып демала алмайсыз. Мұны Қазақстанның әділет министрлігі хабарлап отыр. Өз жауапсыздығынан опық жеп үлгергендер де бар.

Әділет министрлігінің қара тізіміне бес мың оңтүстікқазақстандықтың енгені белгілі болып отыр. Бұл қарызын төлеуден жалтарғандар тізімі. Әкімшілік айыппұл, коммуналды, көлік салығы, алимент төлемеген, тағы басқа төлемдерінен құтылмай олар шетелге бара алмайды.

Шетелге шығармау салық төлемегендерге қатысты соңғы шешім. Сот актілерін орындау департаментіндегілердің айтуынша, мұндай шешім алдын борышкерді бірнеше рет ескертеді, мүлкін тәркілейді. Осыған қарамастан көбісі сот үкіміне селсоқ қарап, соңынан бармағын тістеп отырады. Туристтік агентіктегілер осы уақытта өз жауапсыздығынан өзіне кедергі жасағандар көп дейді. Демалысқа шабадан жинамас алдын қарызын ешкім ойламайды.

Жаңа жүйені ешкім жеңе алмайды. Борышкерлер реестрі көші қон полициясында да бар. Ал салық басқармасындағылар ескертеді. Қарызды төлеу керек. Тегіңізді Тізімде бар жоғын әділет министрлігінің сайтынан көре аласыз.