Шымкентте 55 түлек «Алтын белгі» алды

514
марапаттау рәсімі

Шымкент білімділер қаласы. Ұйқы бұзған ҰБТ аяқталып, түлектер үлкен қадамға жол бастайтын басты құжаттарын алып жатыр. Шаһар басшысы Дархан Сатыбалды шымкенттік 55 «Алтын белгі» иегерлерін салтанатты түрде марапаттап, құт қадам тіледі. 

 

Бақдәулет Қалдыбаев
Бақдәулет Қалдыбаев

Бақдаулет Қалдыбаев  «Алтын белгі» иегері. Қаламыздағы №7 гимназияның түлегі. Жаны білімге құштар жас түлек болашақта дәрігер болғысы келеді. Алғашқы белеске үздіксіз ізденімпаздығының арқасында шыққанын мақтанышпен жеткізді.

Бақдәулет Қалдыбаев, «Алтын белгі» иегері: «Адамға ең бірінші еңбек керек. Еңбектенсе ғана, жетеді мақсатына. Талпындым, оқыдым, барымды салдым. Мақсатыма жеттім. Енді елдің елеулі азаматы болсам деген арманым бар».

Бақдаулеттің ұстазы да бүгін мәре-сәре күй кешкен. Өзінен озған шәкіртінің жетістігін өз табандылығының жемісі деп біледі. Алтыннан алқа таққан түлегі жалғыз бұл емес.

Жібек Зейбекова, №7 мектептің ұстазы: «Бақдәулет сияқты 4 «Алтын белгі» үміткерін ұсындық. Алайда үшеуі ғана ақтады. Сосын 2008 жылы екі үздіктердің үздігін шығарғанмын».

марапаттау рәсімі
марапаттау рәсімі

Қала әкімінің салтанатты марапаты барысында 55 түлек «Алтын белгінің» құжатын алды қолдарына. Сынақ сынаптай құбылғанымен, сүрінбей өткендер көп. Ал үздіктердің үздігі білімнің қашан да керегін айтып, ағынан жарылады.

Түлектерді марапаттап тұрған қала әкімі бұл күні өзөінің балаң кезін еске алды. 91 жылы алтын ұясынан түлеп ұшқан әкім алтын белгі тағынбаса да талай белесті бағындырғанын баса айтты.

Дархан Сатыбалды, қала әкімі: «Мектепті алтынға бітірмесемде, күміс белгі алғанмын. Бір төртім болды. Ал бүгінгі түлектергі тек сәттілік тілеймін. Биыл 6093 оқушы мектеп бітірсе, оның 4038-і  ұлттық бірыңғай тест тапсырды. Былтырғы көрсеткішіміз-72,7 болса, биыл -78,1 балды құрап отыр. 687 оқушы 100 балдан жоғары балл жинаған».

55 түлек "Алтын белгі" иегері атанды
55 түлек «Алтын белгі» иегері атанды

Салтанатты шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Түлектерге өмірдің бұралаңдарында тек сәттілік тілескендер де көп. 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=_raShWglLsc[/youtube]