Шымкентте сот орындаушысы пышақталды (бейнематериал)

520
Жарақат алған жігітке дереу көмек көрсетілді

Шымкентте қызмет бабында жүрген жерінен сот орындаушысы пышақталды. Банкке борышкер болып қалғаны үшін пәтері соттың үкімімен тәркіленуі тиіс әйел қаулыны орындауға келген сот орындаушысына пышақ сұғып алған.

Жарақат алған жігітке дереу көмек көрсетілді
Жарақат алған жігітке дереу көмек көрсетілді

Суық қару жас жігіттің санынан сұғына кіріп кетеді. Оқиға орнына жедел жәрдем дәрігерлері шақырылып, қансыраған жәбірленуші аурухана жеткізіледі. Осында тез арада ота жасалған.

Сәбитхан Байтеміров, жедел жәрдем ауруханасының дәрігері
Сәбитхан Байтеміров, жедел жәрдем ауруханасының дәрігері

 

«Жәбірленуші біздің ауруханаға түскі сағат 13-тен асқанда жеткізілді, — дейді жедел жәрдем ауруханасының дәрігері Сәбитхан Байтеміров. — Ол оң жақ санынан кесіп-тесілген пышақ жарақатын алған. Оған тез арада көмек көрсетіп, ота жасадық. Қазір қалған емін қабылдап жатыр.»

Дәрігерлердің айтуынша, қазір жәбірленушінің өміріне тікелей төніп тұрған қауіп жоқ. Дегенмен, төсек режимін мұқият сақтап, тиісті емін соңына дейін қабылдауы тиіс. Ал сот актілерін орындау департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының мамандары болған оқиғаға байланысты полицейлерге шағым түсірген. Бізге анық болғандай, қазіргі таңда сот орындаушысына пышақ сұққан азаматша қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=BSv8h5SPN9o[/youtube]