Жасөспірім адам өлтірмек болды

898

ОҚО-да полицейлер жасөспірімге қатысты адам өлтіруге оқталу жайты бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Ордабасы АІІБ-не ауруханадан хабарлама келіп түскен, онда пышақ жарақатымен екі кәмелетке толмаған жасөспірімдер түскені туралы көрсеткен.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп жетті. Полицейлер ауылдардың бірінде кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасында төбелес орын алғанын анықтады. Жанжал нәтижесінде 15 жастағы жасөспірім екі 16 жастағы жәбірленушілерге пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Сол күні тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол көрші ауылдың 2002 жылы туылған тұрғыны екені анықталды.
Аталған жайт негізінде адам өлтіруге оқталу бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бірнеше сараптамалар тағайындалды. Күдікті жасөспірім қазіргі таңда қамауға алынды.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы