Отандасын өлтірген қытайлық жігіт қамауға алынды

445

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық соты қасақана адам өлтірді деп айыпталған Қытай Халық республикасының азаматын екі ай мерзімге қамау туралы санкция берді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен күдікті деп танылған.

Қытай Халық Республикасының 1989 жылы туылған азаматы  Шие Жычыңге  «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беріліп, оған қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық – процестік кодексінің 148-бабы 9-бөлігі 3-тармағының талаптарына сай кепіл мөлшерін айқындауға жатпайтыны белгіленді.

Айта кетейік, 11 мамыр күні сағат 20:00 шамасында, Шымкент қаласы, Қапал батыр көшесі 5-шақырымда орналасқан «Азия Бақанас» ЖШС мекемесінің ауласында орналасқан жатақхана ғимаратының асхана бөлмесінде 28 жастағы Қытай азаматы 1984 жылғы  әріптесімен жанжалдасып қалған. Екеудің арасындағы араздық төбелеске ұласқан. Сөйтіп отандасына асхана пышағымен кеуде тұсынан бірнеше рет жарақаттаған. Жәбірленуші қытайлық азамат алған дене жарақаттарынан көз жұмған болатын.