Шымкентте жезөкшелердің «ордасы» табылды (бейнекадрлар)

2890
Екі бөлмелі пәтердің ішінен ондаған қыз-келіншек табылды

Қай қаланы алсақ та өзінің «ыстық нүктесі» бары жасырын емес. Шымкентте де дәл солай. Жеңіл жүрісті қыздар топтасқан бірнеше аймақ табылады. Олардың арасында Республика даңғылы мен Жангельдин көшесінің бойы, 8-шағынаудан да бар. Таяуда «Жас Отан» жастар қанаты мен тәртіп сақшылары осы аудандарға арнайы рейд ұйымдастырған болатын. Соның нәтижесінде жезөкшелер топтасқан пәтер табылды.

Екі бөлмелі пәтердің ішінен ондаған қыз-келіншек табылды
Екі бөлмелі пәтердің ішінен ондаған қыз-келіншек табылды

Мына екі бөлмелі пәтерде ондаған қыз-келіншек тәнін саудаға салады. Ең сұмдығы сол, араларында кәмелет жасына толмағандары да бар болып шықты. Айтуларынша, күніне бес мың теңгеге дейін табыс табады. Бірақ, ешқайсысының құжаты жоқ. Әрі оларды мұнда кім алып келгені және қыз-ойнақтың ордасын кімнің ұйымдастырып жүргені де анықталмады. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жеңіл жүрісті қыздардың арасында көрші елдерден келгендері жетерлік.

Мына бойжеткен көрші Өзбекстаннан келген

Рейд кезінде анық болғаны, пәтер иелерінің кейбірі бүгінгі тексеруден хабардар болып шықты. Осы үйдің өзге тұрғындары мұндай рейдтердің жиі болғанын қалайды. Себебі, жалға берілетін пәтерлердегі осындай сұмдықтан әбден шаршаған. Ал қолға түскен қыз-келіншектер полиция бөліміне жеткізілді. Араларындағы жасы үлкендері «клиенттерді өзім табамын» деп салды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=mMIM_S6l3WU[/youtube]

Бүгін ұсталған қыздардың кәмелет жасына толмағандары жасөспірімдерді оқшаулау орталығына жіберілді. Олардың ата-анасы мен мекен жайы анықталған соң, нақты шаралар қолданылады дейді полицейлер.

Пәтердің бір бөлмесінен ішінен қыздар «отау» да тігіп қойыпты