Туды «заправкіге» ілген кім?

«Helios» жанар-жағар май құю
«Helios» жанар-жағар май құю
«Helios» жанар-жағар май құю

Мынау Шымкент қаласындағы Темірлан тас жолы бойында орналасқан «Helios» жанар-жағар май құю бекетінің суреті. Көріп отырғандарыңыздай жағар май сатумен айналысатын компания өз жалауы мен Мемлекеттік Туды қатар қойған. Кез-келгеніміз мемлекеттік Туды осылай «меншіктей» берсек не болмақ?! Құзырлы мекеме мамандары бұған не дер екен?

Айтпақшы…

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы прокурорының орынбасары, кіші әділет кеңесшісі Бақытжан Сейфолланың айтуынша, мемлекеттiк Тудың және Елтаңбаның бейнесiн қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдарда, діни бірлестіктер мен жекеншік нысандарда (мәселен, кафе-ресторан, жанармай бекеттерінде, дүкендерде, т.б.) пайдалануға болмайды. Патриоттық мақсатта жеке үйлерде тек Ту ғана ілінуі мүмкін.

 

Суретті түсірген – Әйгерім БЕГІМБЕТ