Ақсукентте өртеніп жатқан ғимарат үстінен туды алған жігіттің әрекеті көпшілікті сүйсінтті

54

Бұған дейін Ақсукенттегі «Светофор» супермаркетінде өрт болғаны туралы жазған едік. Оқыс оқиға барысында Жұмыспен қамту орталығының қызметкері өрттің ішінен мемлекеттік туды алып шықты. 2022 жылғы 17 шілде күні 13 сағат 38 минут шамасында Сайрам аудандық №6 Өрт сөндіру бөліміне «Сфетафор» супермаркетінің жанып жатқандығы туралы хабар келіп түскен.

Анықталғанындай Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Астана даңғылы №195 мекен-жайда орналасқан ғимараттың шатыры жанған. Ол ғимаратты «Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-і жалға алған болып шықты.

Өртке оранған аумақ шамамен 425 шаршы метрді құраған. Өртті сөндіруге 8 дана АЦ (өрт сөндіру авто көліктері) және 37 жеке құрам жұмылдырылды. Өрт сағат 14: 30 дар шамасында сөндірілді. Оқиғада зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде өрт кезінде, қауіп қатерге қарамай жанып жатқан шатырға шығып мемлекеттік туды шешіп алған азаматтың видеосы тарады.
Белгілі болғанындай ол, Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері болып шықты