Құран оқудан қыз-келіншектер жарысты

710
Құран оқудан алғаш рет қыздар арасында жарыс өтті

 

Құран оқудан алғаш рет қыздар арасында жарыс өтті
Құран оқудан алғаш рет қыздар арасында жарыс өтті

Облысымызда қыз-келіншектердің арасында Құран оқудан жарыс өтті. Алғаш рет өткізіліп отырған шараға 7-ден 25-жасқа дейінгі 130-дан аса үміткер қатысуға ниет білдірген. Қыздар арасында өткізіліп отырған байқауға қатысуға осыншама адам қатысады деп ұйымдастырушылардың өздері де күтпепті.

Қызылордалық 8 жасар Сымбат Раушанбек ең жас қатысушылардың бірі. Биыл ол 2 жыл жазғы демалысында Шымкентегі әйелдер медресесінде діни сауатын ашуда. Бүгінгі жарысқа келген оның білім алуына ата-анасы себепкер.

Сымбат Раушанбек
Сымбат Раушанбек

Сымбат Раушанбек, сайысқа қатысушы: «Ата-анам намаз оқиды соларға қарап құран үйренгім келді. Болашақта қари болғым келеді».

Сейіт Кәрім атындағы мешітте өткізіліп жатқан шараға қатысуға 130 үміткер ниет білдірген. Мұнша ниет білдірушілер күтпеген жағдай дейді ұйымдастырушылар. Олар Құранның 1 және жарты парасы бойынша бақ сынасады.

Қыз-келіншектер ұйымдастырылған мұндай шара қуантады деседі. Шара деңгейі дінге бет бұрған қыз-келіншектердің белсенділігін көрсетіп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, мұндай сайыс тек облысымызда емес, республика бойынша алғаш рет өткізіліп отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=RuwlcLB7y-8[/youtube]