Қайнарбұлақтықтардың өкпесі қара қазандай

323
көшелері онсыз да тар қайнарбұлақтықтар қиналып қалды
қонақ түгілі, үйімізге жедел жәрдем, өрт сөндіру көліктері жете алмай қалды дейді тұрғындар
қонақ түгілі, үйімізге жедел жәрдем, өрт сөндіру көліктері жете алмай қалды дейді тұрғындар

Қайнарбұлақтықтар су құбырларын ауыстырамыз деп көшені қазып тастағандар екі аптадан бері ізім қайым жоғалды дейді. Тіпті, тұрғындар арасында қазылған шұқырға түсіп кетіп жарақат алғандар да бар екен.

Қазылып тасталған көшелер, аяқ алып жүре алмас құбырлар… Қайнарбұлақтықтардың ызасын қыздырған да осы жәйт. Су құбырын ауыстырып береміз дегендер төбе көрсетпей кетті деп күйінеді олар.

құбырдың жыры бітер емес
құбырдың жыры бітер емес

«Оразаның кезінде үйге келер қонақққа да қиын. Көшеден аяқ алып жүре алмайсың. Шаң тозаңы былай тұрсын, не көлік кіре алмай қалды. Бұрын да көшеміздің кеңдігі шамалы еді»-дейді  көше тұрғындары.  «Таяуда осы жерде бір келіншек құлап, омыртқасын зақымдап алды. Тағы да талай адам қазылған шұқырдан құлап, омақасып қалып еді. Мұнда адамдар тұратыны қарперіне де кірмейді ау деймін басшылардың…. Қанша уақыт күту қажет енді?!»-деп наразылығын білдіріп жатқандар да көп.

көшелері онсыз да тар қайнарбұлақтықтар қиналып қалды
көшелері онсыз да тар қайнарбұлақтықтар қиналып қалды

Қайнарбұлақтың су құбырын ауыстыру үшін бюджеттен 1,5 миллиард теңге бөлініпті. қазылған көшелердің қаңтарылып тұру себебін жауаптылар былай түсіндіреді.

Сұлтан Кенжебаев, «KaztransSpecStroy» ЖШС-нің басқарма төрағасы: «Құбырды ауыстырмақ болғанда мұндағы топырақ құмды деп есептелген еді. Қазу жұмыстарынан соң құмды емес, батпақты екені белгілі болды. Енді барлық жауапты орындардың мамандары келісіп, кеңесіп, күні ертең жұмысты жалғастыратын болдық. Қайнарбұлақтықтардан кешірім сұраймыз. Тұрғындар түсіністік танытады ғой деп сенем».

Мемлекеттік бағдарлама бойынша қолға алған бұл жұмыстың аяғы әзірге көрінбейді. Сондықтан Қайнарбұлақ ауылының тұрғындарына әлі де қолда бар жағдайға көндіге тұруына тура келеді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=WxFSsXCe854[/youtube]