Көлік базарының орны мақсатты пайдаланылмаған

205
көлік базарының бүгінгі көрінісі

Жалпақ жұрт «Жұманов базары» атап кеткен Ташкент бағытындағы көлік базарының жері о бастағы мақсатына қайшы пайдаланылып келген. Сауда орнында тексеру жүргізген құзырлы органдар уәкілдері осылай дегенімен, оның заңсыз екенін дәлелдей алмай отыр. Енді ол жерге түбегейлі тексеру жүргізу қажеттігін айтты. Оған Сәуле, Қазығұрт шағын ауданы тұрғындарынан түскен арыз- шағым негіз болып отыр.Қала әкімдігінің шемімімен құрамында кәсіпкерлік,сәулет ,жер қатынастары, және салық басқармасының мамандары бар арнайы жұмысшы тобы базарға барып маниторинг жұмыстарын жүргізді.

көлік базарының бүгінгі көрінісі
көлік базарының бүгінгі көрінісі

Қолдарына карта ұстаған жер қатынастары бөлімінің мамандары көлік саудаланып жатқан мына жердің нысаналы мақсаты бұзылған дейді. Бірі жанаржағар май бекетінің тұрағы үшін берілсе, енді бірі қонақ үй салу үшін рәсімделіпті. Ал нысаналы жерден нанын тауып отырған кәсіпкерлер өз ісін заңсыз деп білмейді. Құзырлы мекемелер бұған дейін ай қараған ба деген сауал туады. Кәсіпкерлердің көбі өз істерінің заңды екендігін тіпті прокурорлар да мақұлдаған дегенді айтады.

 

базардың көрінісі
базардың көрінісі

Арнайы қоршауы, асфальті жоқ жерден ақша тауып отырған азаматтар, алты жылға әрекетін жалғастыра бермек. Бір өкініштісі жылдар бойы кәсіпкерлердің заңсыз пайдаланып жатқан жеріне келген бірнеше бөлімнің басшылары оның заңға қайшы екендіген дәлелдей алмай діңкәсі құрыды. Құзырлы мекеменің қырағылық таныта алмағаны қынжылтады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=pzt84eBCNnk[/youtube]