Науқастар гемодиализ жасатып жатыр

«Үкіметтің емделуге бөлген қаржысы таусылған!» Шымкенттің бір топ мүмкіндігі шектеулі жандары осылай деп дабыл қағып, редакциядан көмек сұрады. Айтуларынша, бүйректерін гемодиализ арқылы тазалауға бөлінген ақша жаздан бастап қысқарып кетіпті. Соның кесірінен біразымыз дертпен бетпе-бет қалдық дейді мүгедек жандар.

Науқастар гемодиализ жасатып жатыр
Науқастар гемодиализ жасатып жатыр

Үнемі дәрігерлік көмекке мұқтаж жандар мәселенің ақ-қарасын анықтау мақсатында медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің облыстық департаментіне жиналды. Ендігі үміті – осындағы мамандарда. Өздеріне қажетті емді бір жерден қабылдап жүрген науқастар «басқа жерге барсақ, халіміз мүшкіл болады» деп отыр.

Ерхан Рүстембеков - 1-топтағы мүгедек
Ерхан Рүстембеков – 1-топтағы мүгедек

 

«Біздің емделуімізге үнемі мемлекеттен қаржы бөлініп келген болатын. Енді сол ақша бөлінбей жатыр деген хабар келді жақында, – деп қаупін бірден айтты Ержан Рүстембеков есімді науқас. – Соған байланысты біз емделіп жүрген жекеменшік емхана да жабылуы мүмкін деген қауіпті естідік. Соынң анығын білгіміз келеді. Бұған дейін талай жерді көрдік, дәл қазіргі орталықтай жағдайды еш жерден көрмедік».

 

Ал медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің облыстық департаментінің мамандары бұл қауесетпен келіспейді. Олар «ақша түбегейлі қысқарған» жоқ деп отыр. Тіпті, «Анастасия плюс» жекеменшік емханасына 5 айдың қаржысы түгел аударылғанын айтады. Тек, жылдың басынан бері облыс көлемінде гемодиализге мұқтаж жандардың саны артқандықтан, соңғы айдың ақшасын ғана қарызданып қалғандарын айтады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=LwWduVEt4S0[/youtube]

Осылайша қаржы мәселесі жоғарыда талқыланып жатыр. Бұл проблема бір шешімін тапқанша науқастарға күтуге тура келеді. Ең маңыздысы, қаржы бөлінгенше мүмкіндігі шектеулі жандардың денсаулығы сыр бермесе болғаны.

Департаменттің мамандары науқастармен кезедсіп, жағдайды түсіндіріп жатыр
Департаменттің мамандары науқастармен кезедсіп, жағдайды түсіндіріп жатыр