Қос бүйрегі сыр берген бойжеткен көмек сұрайды

374
Жамиля Байсерікова

Денсаулығы сыр берген Шымкент тұрғыны көмек сұрайды. Мүгедектің зардабын тартқан қыз тек қайырымды жандардың ғана шарапаты көмектесе алады дейді.

Жамиля Байсерікова

Жамиля Байсерікованың екі бүйрігі де істен шыққан. Мүгедектікке душар еткен бұл аурумен күнделікті күресіп келе жатқан бойжеткен тек гемодиализдің күшімен ғана өмір сүріп келеді.

Жамиля Байсерікова
Шынтақ мен білезік тұсындағы терінің астына құрал қойылған

Осы процедураға арналған, қол терісінің астына енгізілетін құралы болмаса, жағдайымның не болары белгісіз еді дейді.

Жамиляның бүйрегін алмастыру үшін донор табылған. Бірақ, трансплантациялық отаны жасау үшін 9 млн теңгеге жуық қаржы қажет.

Ал бойжеткеннің отбасының бұл қаражатты табуға шамасы жетпейді. Өйткені Жамиляның әкесі екінші топтағы мүгедек. Яғни, жұмыс істеуге қауқарсыз.

Ал анасы Жамиляның өздігінен қимылдай алмайтынынан күндіз-түні қызының қасында жүруге мәжбүр. Ай сайын алатын жәрдемақысы күнделікті тамағы мен жалдамалы пәтерінен-ақ арылмайды дейді ана.

Жас бойжеткен өзінің қатарластары сынды жұмыс істеп, тұрмыс құрып  бақытты өмір сүретініне сенімді. Бірақ, уақыт өткен сайын бұл  шаттықа толы  күндердің алыстай беретіні Жамиляның жанына қатты батады.

Жамиля Байсерікова

Басты арманы денсаулығын жақсарту болған бойжеткен жомарт жүректі азаматтардан көмек сұрайды.

Жамиляға қайырымды жандардың қолдауы ауадай қажет. Қаржылай көмекке қол созатындар болса, төменде көрсетілген жеке шотына ақша аударуына болады.

Жамиляның карточкасының нөмірі: 6762003518045629 – Халық банкі

Немесе Жамиля Байсерікованың аты-жөні мен ЖСН нөмірін (920619402129) көрсетіп, Қазпошта арқылы да қаржы аударуға болады.

Телефоны: +7705 849-33-99

Қаржылай көмек беретін азаматтар табылса Жамиляға ота шұғыл түрде жасалады. Бойжеткеннің отбасы қайырымды жандардың бұл істен сырт қалмайтынына сенімді.