Былтыр балалар үйінен шыққан 55 түлек тегін білім гранттарына ие болған еді
Былтыр балалар үйінен шыққан 55 түлек тегін білім гранттарына ие болған еді
Былтыр балалар үйінен шыққан 55 түлек тегін білім гранттарына ие болған еді

Ешкім де назардан қалмайды. Бүгін облыс әкімі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп бітіруші 79 түлекке білім гранттарының сертификаттарын сыйлады. Енді ҰБТ сынағынан қажетті балл жинай алмай грантқа ілікпеген түлектің бір тобы әкімдік табыстаған сертификат арқылы облысымыздағы 11 жоғарғы оқу орындарында білімін тегін жалғастыра алады.

Балалар үйінен шыққан 79 түлек, қалаған мамандығы бойныша тегін оқиды. Былтырғымен салыстырғанда бұл 24 балаға артық. Тестілеуде 50 балдан жоғары жиғандардың барлығы да әкімнің тегін грантына ие болып отыр.

ҰБТ-да 50 балдан төмен жиған түлектер облыстағы колледждерде тегін оқитын болады
ҰБТ-да 50 балдан төмен жиған түлектер облыстағы колледждерде тегін оқитын болады

№4 Сайрам балалар үйінің түлегі Елена Мещерякованың арманы атақты биші болу. Бойжеткен жақында шығармашылық бойынша сынақтан өтпек. Десе де, Елена бұл емтихан алаңдатпайды. Өйткені, әкім берген жолдама оны Оңтүстіктегі атақты жоғарғы оқу орнында қалаған мамандығы бойынша білім алуға мүмкіндік береді.

Ұлттық бірыңғай тестілеуде өтпелі балдан төмен жиған түлектер де оқудан тысқары қалмайтын көрінеді. Өйткені, оларды облыстағы орта арнаулы оқу орындары тегін оқыту үшін күтуде. Жалпы, биыл балалар үйінің 245 түлегі мектеп бітірген. Соның 130-ы ҰБТ-ға қатысқан. Ал ондағы 79 бала 59 балдан жоғары ұпай жинаған.

Түлектер облыстағы бетке ұстар 11 жоғарғы оқу орнында тегін білім алмақ. Білім беру басқармасында «барлығы да қажетті шәкірт ақы және жатақханамен қамтылатын болады» деп сендірді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=xFWd_KMe77Y[/youtube]