«Райян» жаннатына тек ауыз бекіткендер кіреді
«Райян» жаннатына тек ауыз бекіткендер кіреді
«Райян» жаннатына тек ауыз бекіткендер кіреді

Енді бірер күннен кейін сарғая күткен Рамазан айымен қауышқалы тұрмыз. «Тегі – түрік, діні – ислам» қазақ жұрты үшін қасиетті мейрамның маңызы бөлек. 9-шілде қасиетті айдың алғашқы күні.

Рас, Рамазанды әрбіріміз асыға күтеміз. Ынта-ықыласымызбен алдын ала дайындалып дегендей. Өйткені, бұл айдың берекеті көп. Ізгі істер көбейеді. Күнә-кемшіліктер азаяды. Бұл айда көптеген игіліктер бар. Мың айдан да қадірлі Қадір түні, қасиетті Құран кітабының алғашқы аяттары да осы айда түскен. Тізе берсек, жақсылығы мол.

Рамазан» араб тілінде «күйдіру, өшіру» деген мағынаға ие. Яғни, қасиетті айда құлшылыққа көңіл бөліп, жақсылық жасауға ұмтылсақ, өткен күнә-кемшіліктеріміз кешірілмек. Сонымен қоса, бұл айдың бір ерекшелігі ауыз бекіту дер едік. Оразаның міндеттілігін қасиетті Құран Кәрімнің: «Ей Аллаһқа иман келтіргендер, сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей, сендерге де Ораза парыз болды, бәлки сендер тақуа боласыңдар» (Бақара сүресі, 183 аяты) деген аятынан білеміз. Хадисте айтылғандай, кімде-кім Рамазан айында, Аллаһтың сауабынан үміт қылып және сеніп ораза тұтатын болса, оның өткен күнәлары кешіріледі.

Қасиетті Рамазан айының басталуына 5 күн қалды
Қасиетті Рамазан айының басталуына 5 күн қалды

Ораза – күнәға қалқан. Күні бойы дәмнен, жыныстық құмарлығын тежей білген адам мол сауапқа кенелмек. Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болғай) былай дейді: «Шынында, Жәннатта сондай қақпа бар, «Райян» деп аталатын. Қиямет күні одан ораза тұтушылар кіреді. Олар кіргеннен соң қақпа жабылады да, одан басқа ешкім кірмейді». Міне, осындай игіліктен кейін ауыз бекітпеуге амал бар ма?!

Биылғы Рамазан мұсылмандар үшін сынақ іспетті. Олай деуімізге, құлшылық айының шіліңгір шілдеге тап келуі. Әрине, иманы кәміл мұсылман үшін күннің ыстығы кедергі бола алмасы анық. Алла Тағала барша тілектерімізді қабыл етсін! Қасиетті айда мол сауапқа кенелуімізді нәсіп еткей!

Тағабай ҚАСЫМ

Ораза ұстаушы ескерер 13 жәйт

Биылғы қасиетті Рамазан айы шіліңгір шілдемен тұспа-тұс келді. Мұсылмандар бұл істе де Аллаһтың һайыры барын біледі. Біз төменде күннің ыстығында ораза ұстауға қатысты кеңестерді ұсынамыз.

1. Ауыз жабатын кезде күні бойы ағзаны қоректендіріп тұратын тағаммен тамақтану керек. Рамазанның басты тағамы – құрма.

2. Ауыз ашатын кезде де ағзаны көбірек қуаттандыратын, құрамында көмірсутек көп жеміс-жидек, дәнді-дақыл, құрмамен қоректену керек. Сондай-ақ, арпа не фасоль секілді дақылдардан жасалынған сорпа ішкен де пайдалырақ.

3. Күндіз шама келгенше көлеңкені паналаған дұрыс. Қолыңыздан келсе, сыртта істелетін жұмыстарды бөлме (офис) ішінде жасалатын жұмысқа ауыстырған абзалырақ. Ораза кезінде ағза сусызданатын болғандықтан, шөлден қаталамауды ойластыру қажет.

4. Ауыз ашқан соң мүмкіндігінше сұйық көбірек ішу қажет. Суды молырақ пайдаланса да дұрыс. Күні бойы су мөлшері азайған ағзаның қажет көлемде қайтадан ылғал мөлшерін қалпына келтіру қажет. Ертесіне де ауыз бекіту оңай болмақ.

5. Ауыз бекітуші дене жұмысымен айналысуды азайтқан дұрыс.

6. Бұл өмір адам мен шайтанның арпалысы болғандықтан, кімнің әрекеті күшті болса, сол жеңеді. Сондықтан Аллаһ Тағала осы айды Мұхаммедтің үмметіне (с.ғ.у) рақым етіп сыйлады. Ендеше Аллаһ Тағалаға деген құлшылық-ғибадатымызды арттыра түсуіміз қажет. Намазымызға мән беру керек. 5 уақыт намазды өз мән-мағынасында оқуымыз ләзім.

7. Қасиетті Құранды қолға алу керек. Күніне тым болмағанда бір аят оқысақ, мол сауапқа кенелеріміз анық.

8. Пайғамбарлардан басқа адамдардың барлығы күнә жасайды. Ендеше, өзің білетін күналарды жасауды қой, қоюға тырыс. Тәубе ет. Шындығында, Аллаһ тағала – Тәууәб. (тәубелерді қабыл етуші).

9. Мұсылман бауырларыңмен байланыс жаса. Біреуден екі, екеуден үшеу жақсы. Ислам – жамағат діні. Жалғыздың досы – шайтан болады.

10. Дұға жасауды ұмытпау қажет. Қол жайып, тілек сұрағанға Аллаһ Тағала жауап беретінін ұмытпау. Пайғамбарымыздың с.ғ.с. жасаған дұғаларын пайдалану.

11. Садақа беруді ұмытпа. Шындығында садақа тозақтан алыстатады.

12. Ата-анаға мейіріммен қарап, ағайын-тумамен байланысты күшейту қажет.

13. Өзің білгенді өзгеге де айтып, үйретіп, Алланың тура жолына шақыру…