Белгілі имам сәресіне ұйықтап қалсаңыз, не істеу керектігін айтты

4991

Қазнет жұлдызына айналған танымал имам Нұрлан қажы Байжігітұлы көптің көкейінде жүрген сауалдың біріне жауап берді. Егер ораза ұстаған адам сәресіне ұйықтап қалса, не істеу керек? Дін өкілі бұл сауалдың жауабын Instagram парақшасында жариялады.

«Біз кешке ауыз ашқан кезде, яғни, ауызашар дұғасын оқыған кезде бүгінгі күннің ауыз ашуына шүкір айтамыз. Және кешке ауызашарға «ертеңгі күнге ниет еттім» дегенді қосамыз. Сондықтан, кімде-кім сәресіне тұрмай қалса, онда бұл адам ертеңіне ораза боп кете береді. Оған қоса түске дейін ниетін жаңалап алса, жақсырақ болады. Яғни, бүгінгі күнге де ниет еттім дейді. Бірақ, сәресін ішпейді ол күні»,-деді имам.

Дегенмен Нұрлан қажы Байжігітұлы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) сәресін ішуге шақырғанын алға тартты.

«Пайғамбарымыз Мұхаммед сәресін ішуге шақырған. Сәресінің өзі ниет болып есептеледі. Яғни, мен тұрып, сәресін ішем дегенімнің өзі ниет болады. Демек, бұдан шыққан сөз: Сәресін іше алмай алмай қалса, оразасы жалғаса береді», – деді Нұрлан имам.