Сауабы мол садақа мақсатты жұмсалса игі

749
Пітір садақаны мешітке береді көпшілік

Сауабы мол садақадан түскен қаржыны кей ұйымдар қару-жарақ алуға жұмсаған. Осылай деген облыстық мешіт имамының орынбасары пітір садақасын кез- келгеннің қолына ұстата салуға болмайтынын ескертеді. Биыл облысымыз бойынша пітір-садақасының мөлшері адам басына 150 теңгеден белгіленген. Алайда, қайрымдылық қор құрып сол қаржыны қалтасына басқысы келетіндер де баршылық.

Пітір садақаны мешітке береді көпшілік
Пітір садақаны мешітке береді көпшілік

 Бақытжан Абуов «Шұғыла» қоғамдық қорының облыстық филиалының төрағасы. Қордың еріктілері мешіт маңында мейірім конвертін таратқан. 

Бақытжан Әбуов, «Шұғыла» қоғамдық қорының ОҚО филиалының төрағасы: «Ораза айына мейірім конвертенің қатысы жоқ. Біздің мейірім конверті жобамыз дәл осы айға сәйкес келген. Шұғыла қоғамдық қорының бас офисі Алматыда. Олар жылдық жоспарды бізге белгілейді».

Десе де облыстық мешіт имамдары дәл осы уақытта абай болуға шақырады. Өйткені, қайырымдылық қорының атын жамылған жалған ұйымдарға жем болу қаупі басым.

садақа беру барысы
садақа беру барысы

Мұхамеджан Естеміров, облыс имамының орынбасары: «Былтыр бір ұйым экстремистік топқа жұмыс істеген. Бұл Алматы облысында тіркелген оқиға. Сондықтан түрлі қоғамдық ұйымдардан сақ болған жөн. Мешітке берген сенімдірек болады. Қанша қоғамдық ұйымдар садақаны жинап алады да ізім-қайым жоқ болып кетеді».

 Дегенмен көпшілік қауым сауабы мол садақаны жетім-жесірлерге бергенді жөн көреді. Қазақстан діни басқармасының облыстық филиалының мәлеміті бойынша, пітір-садақадан жиналған қаражат оңтүстіктегі әлеуметтік жағдайы төмен 3500 отбасыға таратылады. Ізгі мақсаттарға жұмсалатын қаражатты көлденең көк аттының қоржынына салып беруден сақ болайық.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=EGKg8Fe8KJ0[/youtube]