Шымкенттің лифттері адам өміріне қауіпті

264
Қауіпті лифтілер
Қауіпті лифтілер

2-ші топтағы мүгедек, 59 жастағы Мухаббат Таджиеваның үйден шығуы мұң. Аулаға шығу үшін қоларабаға таңылған кейуана 4 қабаттан түсуі керек. Ал, жиі бұзылатын үйіндегі лифтінің жағдайы мүгедек жанды одан сайын жабырқатады.

Мухаббат Таджиева лифтке мінуге қорықады
Мухаббат Таджиева лифтке мінуге қорықады

Мухаббат Таджиева, қала тұрғыны: «Лифтіміз жиі-жиі бұзылады. Пока лифттен түскенше Құдайға 100 мәрте сиынып, пәске түскеннен кейін құдайға шүкір міне лифттен түстік деп ойлаймыз».

Әбден тозығы жеткен жеделсаты кез-келген сәтте бұзылуы мүмкін. Қаладағы көпқабатты үйлердегі 60 қа жуық жеделсатының басым бөлігінің жағдайы осыған ұқсас. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары» қайғылы оқиғаларды болдырмас үшін, қаладағы лифттерді тез арада тоқтату керек» деп дабыл қағып отыр.

Көп лифттің жағдайы осы
Көп лифттің жағдайы осы

Жолымбек Беркімбаев, Төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің бөлім басшысы: «Олардың жартысынан көбі 20 жыл бұрын жөнделген. Жөнделген лифтілердің барлығы авто көліктер сияқты жылына кем дегенде 1 рет техникалық тексеруден өткізілуі керек. Сынақтан соң ұсақ-түйек жұмыстары жасалып пайдалануға берілуі керек. Лифтілерге бүгінгі күні ешқандай бақылау жоқ. Соның салдарынан кез-келген уақытта апатты жағжай орын алуы мүмкін». 

«Шықпа жаным шықпа» болып жұмыс жасап жатқан лифтке мінушілерден жиналған қаржы есебінен қызмет көрсетіледі. Онда да, сервистік мекемелер олардың тек ұсақ-түйегін ғана жөндейді. Жеделсатыны техникалық жағджайын толық жөнге келтіруге қаражат жоқ. Қала берді, жеделсатылардың жағдайына жауапты мекемені таппай дал болдық. Қаланың коммуналдық бөліміндегілер ресми сұхбат беруден бас тартты. Телефон арқылы тілдескендегі естігеніміз мынау.

Рысбаев Бақытжан, Қалалық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімі бастығының орынбасары: «Көпқабатты үй тұр. Ол үкімет емес жеке адамдікі. Кім пайдаланып жатыр лифтті? Әкімшілік пайдаланып жатырма әлде «Отырар» телевиденесі ме?» 

Шымкенттегі лифтілерге қызмет көрсететін екі мекеме бар. Оның бірі «Шымкент Лифт», екіншісі «Алатау» ЖШС. Олардың өзі тек тұтынушылардан теңге жинаумен шектеледі екен.

Әбден тозығы жеткен жеделсатыға жауапты мекемелерді таппадық. Сонда Шымкенттегі жеделсатылар қараусыз ба деген ойға кенелесің. «Атқа жемді сен саларда мен салар» болып жүргенде Атыраудағы жеделсаты шақтасына құлап қаза тапқан қыздың қайғылы жағдайы бізде де қайталанбасына кім кепіл.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=5-doaxaLXQk[/youtube]