Úı ANONS Түркістан облысында полицейлер жолды белгіленбеген жерден кесіп өткендерді дронның көмегімен анықтауда

Түркістан облысында полицейлер жолды белгіленбеген жерден кесіп өткендерді дронның көмегімен анықтауда

фото ТОПД
Түркістан облысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді.
Атап айтқанда, Кентау қаласының полицейлері жаяу жүргіншілердің жол ережелерін сақтауын дронның көмегімен бақылауға алды. Бақылау нәтижесінде Яссауи даңғылы бойында 41 жастағы азаматшаның жолды жаяу жүргіншілерге арналған өткелден тыс, белгіленбеген жерден кесіп өткені анықталды.
Аталған құқық бұзушылық бойынша заңнамаға сәйкес әкімшілік шара қолданылды. Жалпы жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы қағидаларын бұзуына қатысты мыңнан астам дерек тіркелген.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушыларды тек арнайы белгіленген жаяу жүргіншілер өткелдерін пайдалануға, жол ережелерін қатаң сақтауға және өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады. Бұл талаптарды орындау жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді.