Шымкенттік ғалымдар кенені жоюдың жаңа тәсілін ойлап тапты

1146
Кене қаптап барады
Кене қаптап барады
Кене қаптап барады

Шымкенттік ғалымдар Кенеден келетін кеселден адамды құтқарудың жаңа тәсілін ойлап тапты. Биологтар жұқпалы дерт тарататын жәндіктерден өзге жәндіктер арқылы қорғануды жүзеге асырмақ. Зертханада тілшіміз болып қайтты.

Кене. Ол немен қоректенеді? Қалай көбейіп, неден қорқады? Бірнеше жылдан бері осы жәндікті зерттеген Мәжіт Қожабаев бұл қан сорғыш жайлы көп дерек біледі. Енді міне, тарихи сәт десе де болар! Адамзатты кене жұқтыратын кеселден сақтаудың әдісін тауыпты ғалым.

Зертханада сарапталып, ондаған тексерумен дәлелденген жаңалығымен оңтқаз-қ ветеринарлық станцияның мамандары билікті де хабардар етпек. Осылай қан сорғыштан құтылудың нақты әрекетіне көшеді.

Өңіріміздегі эпид-қ жағдай биыл тұратқы. Конго-қырым қанды безгегін жұқтырғандар жоқ десек те, кене шаққандар саны күн санап артып келеді.

Ал әзірге кенені жаппай жою тек зертхана аясымен шектелген. Сондықтан, кенеден әлі де абай болған жөн.