Шымкенттік ғалымдар тағы бір жаңалық ашты

382
шымкенттік ғалымдардың 70 жылдық еңбегінің жемісі
шымкенттік ғалымдардың 70 жылдық еңбегінің жемісі
шымкенттік ғалымдардың 70 жылдық еңбегінің жемісі

Шымкенттік ғалымдар бруцеллез ауруының алдын алатын препарат ойлап тапты. Мал ауруының жасырын түрін танып беретін бұл дәрі ветиринария саласында үлкен жаңалық. Патенттеліп үлгерген бұл препаратты қолдану  төрт түлік арасындағы ауру санын азайтады дейді ғалымдар.

Жыл басынан бері Оңтүстікте 200 бас ірі қара, 2000 бас ұсақ малдан бруцеллез белгілері табылған. Ауру малды мамандар көзін жоюға мәжбүр болды. Ұсақ мал өртелген. Мұндай жағдай біздің облыста жыл сайын қайталанады. Бірақ, мал басын жаппай вакцинациялау жұмыстары бірнеше жыл бұрын тоқтатылған. Өйткені еліміз бойынша мал ауруларының алдын алу ісі қолға алынған.

«Жыл басынан бері облыста 500 мыңдай ірі қара тексеруден өтіп, оның ішінде 200-нің бруцеллезге оң көрсеткіші анықталды. Екі миллиондай ұсақ мал қаралып, 2 мыңнан астамынан сарып ауруы шықты. Ауру малдардың көзі жойылды»-дейді ОҚО аумақтық инспекцияның биологиялық қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Әбдіразақ Елберген.

Вакцинациядан гөрі диагностика жасау тиімді. Осылай деп шешкен ел ғалымдары індеттің алдын алатын препараттар ойлап табуға кірісті. Өйткені бұл бруцеллез бойда байқалмай өршитін ауру.

Жетпіс жыл жалықпай ізденген Шымкенттің ғалымдары ақыры ауруды ертерек анықтайтын арнайы препарат ойлап тапты. Мұны ғылымдағы соны жаңалық десек әбден болады.

Мұхтар Жаңбырбаев, аға ғылыми қызметкер: «Бұл жаңалық мал басының аман сақталып қалуын едәуір көмек болмақ. Диагностикум препараты бруцеллез ауруының ең жасырын түрлерін де анықтай алады».

Бұл инновациялық жоба нақты іске айналғанда ветеринарияның беделі артары даусыз. Өйткені препарат ауруды инкубациялық кезеңінде анықтап,ауыздықтай алады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=CdmJGQ5Ju-4[/youtube]