Шымкенттіктер Астана мерекесін тойлауда

962
Құттықтау жалаушаларын алып жүгіріп өткен жастар қуанышы жарасып-ақ тұр.

 

Шымкенттіктер Астана тойын бастап та жіберді. Әсем әндер, жанданған көңілді билер, түрлі спорттық сайыстар, Елорданың мерейін асыратын құттықтаулар. Мұндай мерекелік шеру арман қала Астананың құрметіне арналып отыр. Жерлестеріміздің айтулы тойдағы әсер-қуанышын біз де бөлісіп қайттық.
Таң рауандап атысымен-ақ, жас суретшілер Ару қаланың әсем бейнесін салуға кіріскен. Байқағанымыз, баршасы Елорданың ертеңін жарқын етіп елестетеді.
Жас суретшілер өздерінің мерекелік туындысында Елорданың болашағын бірінен-бірі аса, сулуландыра  бейнелеп отыр.
Бұл – жас суретші Земфира Құрбанованың еңбегі. Қарапайым ғана қара сиямен ертеңгі жаңа ғимараттар, оның сәулеті көрініс тапқан. Автор бірнеше жыл ішінде Астананың көркі дәл осындай болатынына сенеді.
Земфира Құрбанова, суретші: «Менің суретім «Арман қалам» деп аталады. Екі күннен бері осы жұмысқа еңбектеніп жатырмын.Суретіме қымбат бояулар да қажет емес. Мен Астананың одан әрі гүлденгенін қалаймын.
Көңілді флэшмобтар, әуезді күмбірлеген концерттік кеш ауқымы кең шараның мәртебесін көтерді.
Асфалть жолдарға салынған ою-өрнектер , өзге де шаралар мерекенің сәнін кіргізді. Қала тұрғындары да қуаныштан мәре-сәре болып жүр.
Құттықтау жалаушаларын алып жүгіріп өткен жастар қуанышы жарасып-ақ тұр. Олардың  бұл қадамдары  Астанаға деген құрметін көрсетсе керек.

 

Хор әуені де шарықтады. Қаланы Патриоттық әндермен қатар, «Астанам – арман қалам» атты ән де тербеді.
Кішкентай сарбаздар елін, жерін, Астанасын қорғауға әзір. Өздерінің патриоттық сезімдерін осылай жеткізуді жөн көрді бүлдіршіндер.
«Астана» даңғылы бүгін жанданып, мерекеге безеніп те алған. Бұған қоса веломарафоншылардың көпшіліктің алдынан желдете өтуі ерекше әсер сыйлады. Астанаға тарту бұл ғана емес.
Берік Оспанов, ОҚО әкімінің орынбасары: «Жақын арада біз Астана қаласына арнайы сыйлықтарымызды жібергенбіз. Ол сол жердегі 5 жетім балалар үйлері, одан кейін қариялардың үйлеріне арнайы тегін ОҚО-ның атынан сыйлықтар жіберген болатынбыз. Оның ішінде ауылшаруашылық өнімдері, және басқа да сыйлықтарымыз бар».
Велошабандоздар да Астана тойын айрықша тойлап жүр. Мәз-мейрам. Олар Елорданың мәңгі жайнап-жасағанын қалайды.
Айтпақшы, айтулы шараға көрермендер де табылды. Қол соғып, құрмет-қошеметін көрсетіп отыр. Мерекелік көңіл күймен тойлап, тапжылмай тамашалауда.
Мерекелік шара «Астана – тарих ертеңі» республикалық ғылыми-практикалық конференцияға ұласты. ОҚО әкімінің орынбасары Берік Оспанов Елордаға үлкен қуаныш-лебізін жеткізіп, баршаны мерекемен құттықтады.
Бұған шенеуніктермен бірге, қала тұрғындары және ЖОО студенттері қатысып, мерекенің мерейін асырды.

 

[youtube]http://youtu.be/dcNvS0kWXro[/youtube]