Түбіртектің жоқтығы-қарыздың жиналуына себеп емес

222
Көгілдір отынға төлемесеңіз үйіңізге дәнекерлеушілер барады
Көгілдір отынға төлемесеңіз үйіңізге дәнекерлеушілер барады
Көгілдір отынға төлемесеңіз үйіңізге дәнекерлеушілер барады

Шымкенттік газ тұтынушылардың 20 %-ы көгілдір отынды пайдаланғаны үшін ақша төлемеген. Тұтынылған газ есебін жүргізіп, төлем жинаумен айналысатын «Омега-21» биллингтік компаниясы қарызы бар тұрғындардан өтемақы өндіру үшін қатаң шараларға баруға мәжбүр.

Дәнекерлеушінің бірнеше минуттық жұмысынан кейін-ақ борышкер тұтынушыға көгілдір отын беру тоқтайды. Газ құбырына қайта қосылу үшін қарызды төлеп қана қоймай, екінші қайтара жалғатқаны үшін 21 мың теңге шамасында ақша төлеу тиіс.

Нұрлан Рысбергенов, «Омега XXI» ЖШС-інің газ тарату бойынша директор орынбасары: «Біздің қызметкерлер абонентке құлақтандыру жібереді, кездесіп, әңгімелеседі. Мұның бәрі нәтиже бермесе, ажыратып тастайды. Өшірілгеннен кейін абонентке қарызын төлеуі үшін 30 күн уақыт беріледі».

Қасақана төлемейтіндердің мәселесін біржола шешу үшін күн сайын бес жөндеуші бригада шығады. Олардың жанында міндетті түрде учаске бастығы мен инспекторы бірге жүреді. Негізгі қиындық қала маңындағы шағынаудандар мен жаңа тұрғызылған құрылыстарда туындайды. Мәселені заңды шешуге компанияның заңгерлері келеді.

Нұрлан Рысбергенов, «Омега XXI» ЖШС-інің газ тарату бойынша директор орынбасары: «Инспекторлар газ есептегіштердің көрсеткіштерін алып тастай алмайды, түбіртек бере алмайды. Кей үйлердің қақпасы жабық тұрады, не күзетшілері үй қожайындарының жоқтығын сылтау етіп газесептегішке жолатпайды».

Түбіртектің жоқтығы-қарыздың жиналып қалуына себеп емес. Коммунальдық қызметтер туралы ережеге сай, қандайда бір себептермен түбіртек алмаған тұтынушы өзі тұратын мекенжайдағы газ учаскесіне келуі керек. Сол жерде өз дербес шотын тексертіп, пайдаланылған қызмет ақысын төлей алады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=3pIfmZ_QcYU[/youtube]