Тәртіп сақшысына шабуыл жасалды

211
ОҚО ІІД
ОҚО ІІД

ОҚО Мақтаарал ауданында 27 жастағы жігіт мас халде полиция қызметкеріне шабуыл жасаған деп хабарлайды ОҚО ІІД.

Мақтаарал АІІБ-нің полиция қызметкерлері алдын алу іс-шарасы кезінде «Опель-Вектра» автөлігін тоқтатады. Тексеру кезінде Атакент ауылының 1985 жылы туылған тұрғыны көлікті құжатсыз басқарып келе жатқаны анықталған.

Полиция қызметкерлері аталған автокөлікті ақылы айып тұрағына жіберіп, жол ережесін бұзған азаматты жергілікті полиция пунктіне айыппұл салу үшін хаттама толтыруға жіберген. Хаттама толтыру кезінде пунктке жүргізушінің әскери бөлімдердің бірінде келісім-шарт негізінде жұмыс істейтін 1986 жылы туылған ағасы өзінің танысымен келіп, інісінің жол жүру ережесін бұзғандығына келіспей, 30 жастағы учаскелік полиция инспекторы полиция капитанына шабуыл жасаған.

Жүргізушінің ағасы мас халде болған. Тәртіп сақшысын дөрекі сөздермен балағаттап, оның формадағы киімін жыртып тастаған. Бұзақ сол жерде тәртіп сақшыларына ұсталды.

Аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің бірнеше баптары 320-бабы «Өкiмет өкiлiн қорлау» және 321-бабы «Өкiмет өкiлiне қатысты күш қолдану» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.