Жаңа зауыт іске қосылды

2012-2013 жылдар аралығында «КазМедПрибор» компаниясы әрекеттегі өндірісті жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізіп, нәтижесінде жаңа өндірістік кешен құрылды
Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі А.Мырзахметов қатысып, кешеннің жұмысымен танысты

«КазМедПрибор» компаниясының медициналық жиһаздар мен жоғары технологиялық электронды жабдықтар шығаратын өндірісі іске қосылды. Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі А.Мырзахметов қатысып, кешеннің жұмысымен танысты.

2012-2013 жылдар аралығында «КазМедПрибор» компаниясы әрекеттегі өндірісті жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізіп, нәтижесінде жаңа өндірістік кешен құрылды

2012-2013 жылдар аралығында «КазМедПрибор» компаниясы әрекеттегі өндірісті жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізіп, нәтижесінде жаңа өндірістік кешен құрылды. Жоба үдемелі индустриялық-инновациялық даму, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламалары мен өңірдің Индустрияландыру картасы шеңберінде іске асты. Өндірістік кешенде 240 жаңа жұмыс орындары ашылмақшы.

«КазМедПрибор» компаниясының медициналық жиһаздар мен жоғары технологиялық электронды жабдықтар шығаратын өндірісі іске қосылды

Аталған жоба медициналық мекемелерде тозығы жеткен және сапалық ескірген аппаратураларды ауыстыруға септігін тигізіп, жоғары технологиялық бағыттағы әлемдік деңгейдегі медициналық техникалар шығаратын отандық өнеркәсіптің дамуына ықпал етеді. Медициналық бұйымдардың ішкі нарықтағы көлемі өткен жылы 6 млрд теңгеге жуық болса, ондағы отандық өнімдердің ақшалай түрдегі үлесі 10%-ды ғана құраған.

Олардың қатарында рентген, УЗИ-аппараттары, эндоскопиялық хирургияға арналған бейнекешен,  фетальды мониторлар мен доплерлер медициналық бұйымдар бар

Кәсіпорында елімізде теңдесі жоқ және халықаралық стандарттарға сай  бірегей медициналық жабдықтар шығарылатын болады.  Олардың қатарында рентген, УЗИ-аппараттары, эндоскопиялық хирургияға арналған бейнекешен, ота жасауға арналған столдар мен шырақтар, медициналық консолдар, электркардиографтар, пульсоксиметрлер, пациент мониторы, фетальды мониторлар мен доплерлер, ауа және бу стерилизаторлары, дезинфекциялау-жуу машиналары, биологиялық ламинарлық бокстер мен өзге де медициналық бұйымдар бар.

Медициналық бұйымдардың ішкі нарықтағы көлемі өткен жылы 6 млрд теңгеге жуық болса, ондағы отандық өнімдердің ақшалай түрдегі үлесі 10%-ды ғана құраған

Жобалық қуаттылыққа шыққан жағдайда өндіріс көлемі жылына  60 мың дана медициналық жиһаздар мен жарақтарды құрамақ.