Қала әкімі қоғамдық қабылдау өткізді

398
Келіп түскен арыз-шағымдардың 55-60 пайызы оң шешілуде

 

Келіп түскен арыз-шағымдардың 55-60 пайызы оң шешілуде
Келіп түскен арыз-шағымдардың 55-60 пайызы оң шешілуде

Қала әкімі Дархан Сатыбалды бүгін «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалының қоғамдық қабылдауын жүргізді. Арыздардың басым бөлігі аулада салынған заңсыз құрылыс, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абатандыру,жол, жарық және сапасыз берілген жылуға төлем жасаудан бас тарту секілді әлеуметтік мәселелер төңірегінде болды.

Су арнасы мекемесіне борышкер боп қалған көпбалалы ананың қарызын қалалық мәслихаттың депутаты өзі өтейтін болды. Жаңа басшыға үміт артқан Көксәйек көшесінің тұрғындары жаңа оқу жылын үреймен күтіп тұрғандарын әкімге ашық айтты. 

Білімжан Боташева, Көксәйек-2 көшесінің тұрғыны: «Біздің 31 мектеп апатты жағдайда, енді бізідң балалар 63 мектепке барып оқиды. Көлікпен жүрудің өзі қиын Неге жергілікті билік шешпейді».