Шардарада қаласының 12 жасар тұрғыны Сырдария өзенінде суға кетіп, ажал құшты. Бұл мәліметті еліміздің ТЖМ-нің баспасөз қызметі таратты.
2001 жылы туылған қыздың денесін құтқарушылар 1 сағаттан кейін тауып, судан шығарған.
Сол күні Алматы облысы Қапшағай су қоймасында да 14 жастағы қыз, Ақтаудағы Каспий теңізінде 40 жастағы ер кісі тілсіз жаудың құрбаны болды.