Биыл 16 елдімекен ауызсумен қамтамассыз етіледі

275
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы

 

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы

Осы сәттерде облыстық мәслихаттың кезектен тыс 16-сессиясы жұмысын аяқтады. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе облыс әкімінің жарты жылдықта атқарған жұмысы бойынша есебі тұрақты комиссияларда жіті талқыланғандықтан бір ауыздан мақұлданып, оң бағасын алды.

Сонымен қатар депутаттар 2013-2015 жылдарға арналған облыстық бюджетті де бірауыздан бекітті. Ол қаржыға биыл 16 елдімекендегі 261 мың халық ауыз сумен қамтамассыз етіледі. 28 елді мекенге табиғи газ тартылады. 24 көпір, 31 құбыр, 644 шақырым жол жөнделуде.

Алайда бұл ілгерілушілікпен бірге өңірде шешімін таппаған түйіткілдер жетерлік. Олардың басым бөлігі ауыз су, электр жарығымен қамту, мектеп құрылысындағы кемшіліктер.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=i1XD-yiaLnc[/youtube]