Бойжеткендер маникюр, педикюр жасауды тегін үйренді

446
Әйелдер ресурс орталығы және Бота қайырымдылық қоры осы уақытқа дейін 150 түлекті оқытқан

 

Осы 20 бойжеткен сертьификат алды
Осы 20 бойжеткен сертьификат алды

Қаламыздағы жағдайы төмен және көпбалалы отбасыдан шыққан 20 түлек серификат алды. Әйелдер ресурс орталығы және «Бота» қайырымдылық қорымен бірлесіп жасалған бұл мейірімдік шара, өткен жылдың қазан айынан бастап оқушыларды оқыта бастаған.

Түлектер маникюр және педикюр мамандығы бойынша шеберлерден екі ай бойы тегін дәріс алған.

 

Әйелдер ресурс орталығы және Бота қайырымдылық қоры осы уақытқа дейін 150 түлекті оқытқан
Әйелдер ресурс орталығы және Бота қайырымдылық қоры осы уақытқа дейін 150 түлекті оқытқан

Айнұр Майқыбекова, оқытушы: «Бүгін бітіріп жатқан 20 қыз, 14 пен 24 жас аралығындағы түлектер. Олар негізінен жартылай жетім, жағдайы жоқ және көпбалалы отбасыдан шыққан балалар. Соларға көмек болсын деп, өз жолын тапсын деп оқыттық».

Әйелдер ресурс орталығы және «Бота» қайырымдылық қоры осы уақытқа дейін 150 түлекті оқытып, сертификат тапсырған. Олардың ішінен жақсы білім алып ептілік танытқандарын жұмыспен қамтамасыз еткен.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта та бұл шара жалғасын таппақ.