акцияның Мақтаралда басталуы тегін емес
акцияның Мақтаралда басталуы тегін емес
акцияның Мақтаралда басталуы тегін емес

«Болашақ бүгіннен басталады» облыстық акциясы Мақтарал ауданынан бастау алды. Шараны облыстық «Азаматтық альянс» ұйымастырды. Мақсат — ауылдық жерлердегі үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандару болатын.Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын әлі де болса ширату керек. Себебі, елімізде белгілі бір науқан барысында ғана төбе көрсетіп қоятын ұйымдар баршылық. Жұмысы тек жеңіл -желпі шаралар өткізумен шектелетін ондай ұйымдарды халық тіпті білмейді де. Ал ауылдағы ағайын үкіметтік ұйымдар туралы тіпті ауыз да аша алмайды. Осынау олқылықты жою мақсатында азаматтық альянс ауылдық жерлерге аттанды. Мақсат — ондағы үкіметтік емес ұйымдастырдың біліктілігін арттыру, заманауи деңгейде жұмыс істеуге шақыру. Бүгінде мемлекет үкіметтік емес ұйымдардың алдына үлкен міндет жүктеп отыр. Мемлекет пен халық арасына алтын көпір болуы тиіс ұйымдардың келелі істерді ұршықтай иіріп әкететін «Азаматтық альянс» қауымдастығының президенті Клара Әліпова «Ең алғаш рет азаматтық альянс біздің облыста құрылған болатын. Тәжірибеміздің молдығына қарай бізге қойылар талап та қатаң. Сондықтан, жұмысты ширатып, әріптестік жағдайда етуіміз керек » дейді.

Мақтарал ауданында бүгінде онға жуық үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Алайда, сала мамандарының біліктілігі заманауи талапқа сай келеді деп айтуға әлі де ерте. Сондықтан, тәжірибелі мамандар түрлі тренингтер ұйымдастырып, әріптестерін жаңа инновациялық бағдарламалармен таныстырды. Ұйымдастырушылар жаңа оқу жылының қарсаңында балаларға базарлық жасауды да ұмыт қалдырмапты. Альянс мүшелері мектеп шәкірттерін оқу құрал-жабдықтарына қарқ қылып, мүмкіндігі шектеулі балаларға тарту-таралғы жасады. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Алаңда флэш-моб ұйымдастырылып,көпшілік бидің көрігін қыздырды.