Үкіметтік емес ұйымдар үшін қаржы көздері және әлеуметтік жобалардағы инновация

307

Түркістан облысының Азаматтық альянсының ұйымдастыруымен Сарыағаш ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Үкіметтік емес ұйымдар үшін қаржы көздері және әлеуметтік жобалардағы инновация» тақырыбында аудандағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесу өткізілді

. Кездесу жиынына Түркістан облысы Азаматтық альянсының төрағасы Ш.Жамалбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сүлейменов, «Сарыағаш қалалық ақсақалдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің (ҚБ) төрағасы Р.Оспанов, «Мейірімді ана жүрегі әйелдер кеңесі» ҚБ-нен Н.Тәшімбетова, «Береке» ҚБ-нің өкілі Г.Андабаева және өзге де қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Жиында үкіметтік емес ұйымдар үшін қаржы көздері:
– Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс;
– Мемлекеттік гранттар;
– Жергілікті және халықаралық ұймдар;
– Бизнес құрылымдар;
– Ақылы қызметтер тақырыбында пікір алмасулар болды.
Жиын барасында қатысушылар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді. «Береке» ҚБ тарапынан ауданымыздың Үкіметтік Емес Ұйымдарына қолдау көрсетіліп жəне олардың жұмыстары толық түсіндірілді.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі.