сот ғимараты

Бүгін облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында даулы істің қаралуы басталды. Сотталушы ретінде – өзінің асырынды қызына «зәбір көрсетті» деп айыпталған өгей ана.

сот ғимараты
сот ғимараты

Еске сала кетейік, шулы оқиға осыдан екі ай бұрын орын алған еді. Облыстық «Балаларды СПИД тен қорғайық» қоғамдық қорының жетекшілері ВИЧ індетіне шалдыққан 8 жасар қызды «анасы айлар бойы азаптағаны» жөнінде мәлімет таратқан еді. Сол кезде өгей анаға қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын. Осы іс бойынша алғашқы отырыс жабық түрде өтті.

Жанетта Жазықбаева, «Балаларды СПИД-тен қорғайық» қоғамдық қорының директоры: «Отырыс болды. Сот төрағасы барлық құқықтарды түсіндірді».

Айыпталушының қорғаушылардан бас тартуына байланысты негізгі сот отырысы 15 тамызға қалдырылды. 8 жасар қыздың өкілі Жанетта Жазықбаева, келесі отырысқа бүлдіршіннің өзі қатысатынын жеткізді.