Бүгін қаланың бас мешітінде жамағаттың қарасы қалың болды. Емен бірге қала басшыларынан бастап, қарапайым жамағат Рамазан айт намазында сәждеге бас қойды. Таңғы 7.15 те бастау алған ғибадатқа кешіккендер болса да, сапқа тұрып, Жаратқанға құлшылық ету барысында, ел мен жерге тыныштық тіледі.
Баһадүр Нарымбетов, қала әкімінің орынбасары: «Біз ислам діні-бейбітшілк пен ынтымақ діні екенін білеміз. Мұсылман бауырларымыздың тілеген ниеттері орындала берсін».
Биылғы Рамазанның ерекшелігі сол — Алланың разылығы үшін шілденің аптабына абыржымаған азаматтардың қатары көп екені байқалды. Дін қызметкерлері мұны жақсылықтың нышаны дегенді айтты.
Рамазан — құлшылық пен сабыр, береке мен бірлік, мейірім мен қайырымдылық айы болса, үш күн бойы тойланатын Ораза айт мейрамы — адамдардың көңіліне көктем сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=50bhtdpffFk[/youtube]