Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдық мерейтойына қандай дайындықтамыз? Кімге қандай міндет жүктеледі? Құрылғаны кеше әжелер алқасының жұмыс барысы. Осының барлығы бүгін қалалық ардагерлер кеңесінің 5-пленумында талқыланды.
Жиын қалалық әкімдіктің мәжіліс залында өтуде. Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығын мерекелеу жөнінде болған алқалы жиында ардагерлердің тұрмысын жақсарту жайында көптеген ұсыныстар айтылып, мәселелер алға тартылды.
Айта кетейік, қаламызда 50 мың ардегер мен зейнеткер тұрады. Және 165 соғыс ардагері мен 77 мүгедек, 78 ардегер жесірі тіркелген болса, шахарымызда 6 мыңдай тыл ардагері өмір сүреді.