Отандық дихандардың өсірген қауын-қарбызы шығынды ақтамайды

262
өз қарбызымызға өзіміз жете алмай қалдық

 

өз қарбызымызға өзіміз жете алмай қалдық
өз қарбызымызға өзіміз жете алмай қалдық

Биыл бақша өнімдерін өсіруден оңтүстік рекордтық көрсеткішті бағындырады. Осылай деп ауылшаруашылық мамандары мәлімет берген болатын. Алайда мол өнім Шымкент қаласы аумағындағы базар сөрелерінде жоқ. Қауынды Өзбекстаннан, ал қарбызды саудагерлер Сарыағаш, Жетісай және Ордабасы аудандарынан 25-40 теңге көлемінде сатып алып, қалаға жеткізеді. 

Айгүл апайдың жұмысы таң қылаң бергеннен қара кешке дейін жалғасады. Бірнеше жылдан бері нан пұлын қауын-қарбыз саудасынан айырып жүр. Биыл табысы жақсы. Себебі бақша өнімдерінің бұл түрі былтырғы жылмен салыстырғанада анағұрлым қымбат. Тіпті қарбыз алқабының өзінде көтерме баға жанып тұр.

Айгүл САРЫШ, саудагер: «Былтырлары айналадағы поляларда қарбыздар молынан егілген болатын. Биыл бұл маңда қарбыз жоқ. Жібек-жолы базарынан қарбызды көтерме бағаның өзінде 25-26 теңгеден ал қауынды 40 теңгеден алып жатырмыз. Оның өзінде де майда, жақсы емес.»

Расында да биыл Оңтүстікте қауын-қарбыз аз. Дихандардың мол өнім аламыз деген үмітін көп жауған жауын басып тастады. Ал ауылшаруашылығы мамандарының алдын ала «қарық боламыз» деген болжамы тура келмеді. Бұл жағдайды енді олар халық сұранысымен байланыстырып отыр.

Болатбек Тастанов, Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары: «Барлығы сұранысқа байланысты. Егер сұраныс артса, онда бағада көтеріледі. Қазір бақша өнімдері қымбат болса, онда шаруалар еңбегінің ақталғаны».

Қызмет бөлмесінде отырып «тон пішкен» шенеуніктің бұл пікірімен бел жазбай бейнеттеніп, белшеден шығынға батқан шаруалар келіспейді. Олар жергілікті қауын-қарбыздар пісіп жетілгенде, өз ағамдардың ерте піскен өнімі қаптап кетеді дейді.

Бағжан Молдабеков, дихан: «Біздің егістік өскенде баға төмендеп кетеді. Алу да қиындау болып кетеді. Сондықтан, Өзбекстан жағын кішкене кіргізбесе дұрыс болар еді. Егер Қазақстан бойынша қарасаңыз біздің урожай бәріне жетуші еді».

Осылайша отандық фермерлердің өсірген қауын-қарбызы шығынды ақтамайды. Ал бағаны тұрақсаздандырып, тұтқиылдан тыныштық бермей тұрған алып-сатарлар. Тиісті сала мамандары СТК-рін құрып, бұл мәселеге нүкте қоямыз деп жоспарласа да, өнім шаруадан сатушыға тікелей жетпей келеді.