Оңтүстік Қазақстан облысында заңсыз ойын бизнесіне қатысты екі факті әшкереленді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігіндегі мемлекеттік тіл және ақпарат департаменті директорының орынбасары Айжан Есімбекова мәлімдеді.
Полицейлердің мәліметінше, Шымкенттегі Әл Фараби даңғылындағы ғимараттан құмар ойынның көрігін қыздырып келген зал табылған. Нәтижесінде залдың 23 жастағы қожайынның үстінен қылмысты іс қозғалып, 12 ойын автоматы тәркіленіп алынды.
Ал тағы бір 12 автоматы бар заңсыз ойын залы Рысқұлов көшесінің бойында жұмыс істеп келген. Оның да 21 жастағы иесі қолға түскен. Қазір сезіктілердің екеуі де қамауда жатыр. Тергеу амалдары әрі қарай жалғасуда.