Кортта сынға түсіп жатқан 60 жеткіншек ел чемпионы атансақ деген ниетте Шымкентке ат басын бұрған. Ел чемпионатында жерлестеріміз де топты жаруды көздейді. Жекелей сынақта жеңімпаз атанғандарыотандық рейтингте орнын жоғарылатуы әбден мүмкін. Сол үшін де Шымкенттегі бұл міндетті Республикалық додаға 60 спортшы келген. Олардың жасы 12-ден аспауы тиіс.
Валерий Шайбаков, халықаралық теннис орталығының директоры: «Осыған дейін қаншама жарыс болса да, теннис федерация өз өкілдерін жіберетін. Олар жарыстың талаптарға сай өтілуін қадағалайтын. Бұл жолы жарысты ұйымдастырып, өткізу өзімізге бұйырып отыр. Шет жақтан ешкім жоқ. Ол — бізге деген сенім деп түсінемін. Алға қадам деген сөз».
Тамара Черкасова үшін бүгін сынақ аяқталды. Ол ертеңгі қарсыласымен кездесуге дайындығын бастайды. Ал әзірге үйіне қайтты. Жерлесіміз Шымкентте жалауын көтеретін әр жарыста өз жас ерекшелігінде сынға түсіп тұрады. Бұл жолғы дода барысында жеткіншектер төрт корттың үстінде сынға түсуде. Еліміздің барлық облынан жиналып, жаңа оқу жылының алдында қоржынындағы ұпайын арттырмақ.
Тамар Черкасова, жарысқа қатысушы: «Осыған дейінгі жарыстарда сегіз медаль жеңіп алдым. Бұл жолы да жүлделі болуды ниет етіп отырмын. ЕНді оны ойын көрсетеді. дегенмен, қарсыластар анау айтқан шеберлі емес. Сол себепті өзімнің мықтылығыма сенімдімін.»
Жарысқа келген жеткіншектердің бірқатары әлі он жасқа да тола қоймаған. Сол себепті олардың ата-аналары да спорт алаңынан алыс кетпеген. Ал перзенттері жаңа оқу жылына дейін осында өзара чемпиондарын анықтайтын болады.