Облыстық білім басқармасының басшысы сыйлықтармен марапаттаудаЖаңалықтар 

ХХІ ғасыр көшбасшысы – Оңтүстіктің түлегі

ХХІ ғасыр көшбасшысы анықталды. Биыл көбасшы деген атаққа Оңтүстіктің тумасы Досай Мұхамеджан лайықты деп танылды. Мұхамеджан Төреханұлы 2012-2013 оқу жылдарында Алматыда өткен ХХІ ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысына қатысып, республиканың түпкір-түпкірінен келген дарынды, талапты, білімпаз 216 мектеп оқушысының ішінен оқ бойы оза шығып, апталық, айлық, маусымдық ойындарын артта қалдырып, ақтық мәреде өзінің нағыз көшбасшы екенін дәлелдей білді. 

Мұхамеджанның ХХІ ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысына қатысу сәті
Мұхамеджанның ХХІ ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысына қатысу сәті

Оңтүстіктің тумасы Досай Мұхамеджанов Төлеби ауданындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының  оқушысы. Бұған дейін “Ақбота”, “Русский медвежонок, “”Золотое Руно” ойындарына қатысқан Мұхамеджан  ХХІ ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысында жүргізушінің сұрағына мүдіртпей жауап бере білді.

Талай білімпаз балаларадың тұсауын кескен бағдарламада төлебилік жас түлдек Мұхамеджанның көшбасшы атануы дүйім оңтүстікқазақстандықтардың мәртебесін көтеріп тастады. Осы орайда Алматыдан жеңіспен оралған Мұхамеджан облыстық білім басқармасының басшысы Альбина Елшиеваның қабылдауында болды.

Облыстық білім басқармасының басшысы сыйлықтармен марапаттауда
Облыстық білім басқармасының басшысы сыйлықтармен марапаттауда

Альбина ЕЛШИЕВА: “Хабар және Еларна агенттіктерінің ұйымдастырған ХХІ ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысында Оңтүстіктің оқушысы Досай Мұхамеджан Төреханұлы қатысып жеңімпаз атанды. Ұйымдастырушылар оған 600 мың теңге көлемінде сыйақы беріп, Қазақ-Британ Техникалық университетінің грантының сертификатын тапсырды. Бұл біз үшін үлкен қуаныш. Осы орайда облыс әкімі А.Мырзахметов Оңтүстіктің білімпаз оқушыларын қабылдап арнайы сыйлық табыстады. Ал, олардың ұстаздарына 50 мың теңге көлемінде сыйақы тапсырылды”.

Естеріңізге сала кетейік ХХІ ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысы оншақты жылдан бері білімдар балалардың басын қосып келеді. Алғашында орыс тілінде көрсетілген бағдарлама бертін келе қазақ тілінде өз көрерменіне жол тартқан болатын. Білім сайысына қатысқан Мұхамеджанның айтуынша, бұл бағдарлама оған болашақ мамандақ таңдауына өз септігін тигізіпті. 

Мұхамеджан Досай: “Мен өте қуаныштымын. Ұстаздарыма ата-анама алғысым шексіз. Ойынға қатысу арқылы  Республиканың  басқа қалаларынан өзіме дос таба білдім. Тәжірибе жинақтадым. Ойын болашақта қателеспей мамандық таңдауыма өз септігін тигізді. “

Ендеше бізде өз атымыздан жас түлекке іске сәт тіледік!

Related posts

Пікір қалдыру

Алғашқы болып пікір жазыңыз!

Маған хабар беру:
777
wpDiscuz