Жаңа орталық мешітте алғашқы айт намазы оқылды

560
Орталық мешіт

Бүгін шіліңгір шілдеде отыз күн оразасын тұтқан мұсылман жамағаты, иық тіресіп айт намазына тұрды. Әдетте, мұндай күндері жамағат мешітке симай қалатын. Ал, жаңа салынған 7 мың адамдық  зәулім мешітте бүгін жамағат емін-еркін сыйып, құлшылығын жасады.

Айт намазында құлшылық  етушілер
Айт намазында құлшылық етушілер

Айт мерекесінің тарихы, Мекккеде тұрғындардың ойнап-күлетін екі мейрамы болған. Мұны естіген пайғамбарымыз (с.ғ.с) «Шынында ала тағала бұл екі мейрамды бұдан да жақсы екі мейрамға ауыстырды, бұл Ораза айт пен Құрбан айт»— деген екен.

Бекайдар Қымбатов, Орталық мешітінің наиб имамы: «Бұл мерекеде барлық мұсылман жұртшылығы ата-бабамыздың салт-дәстүрі бойынша кешегі күннен бастап дайындалып, түрлі астарды пісіріп дайындалып, мұсылмандар бірін-бірінің үйлеріне айттап, ренжістері болса бірін-бірінен кешірім сұрап, араздары болса осындай ұлы күнің шарапатты кешіру керек».  

Саулық сұрасып, бірін-біріне амандық тілеуші жастар
Саулық сұрасып, бірін-біріне амандық тілеуші жастар

Бұл күні мұсылмандар таза киімдерін киіп, ақ дастархандарын жайып, бірін-бірі тамақтандырады. Жылы шырай таныту парыз етілген.

Фотопанорама

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=rt6ba39ZmZY[/youtube]