Орталық мешітте арнайы ауызашар берілді

Шымкенттегі орталық мешітте қасиетті Рамазан айында бас мүфтидің атынан ауызашар берілді. Жайылған дастарханнан зиялы қауым және БАҚ өкілдері дәм татты. Жиналған жамағат ораза айының қадыр-қасиетімен етене танысып, ауызашардың тәртібіне тоқталды. Ысыраптан аулақ болуға шақырған мешіт әкімшілігі жыл сайын төртінші билік өкілдеріне арнап дастархан жаюды әдетке айналдырған.

Бақтыбай Бейсенбаев, облыстық мешіттің бас имамы: «Біз осы дастарханымызды мешітте жайып жатырмыз, қонақтарды ретімен шақырып жатырмыз. Мысалы, ертен Біріккен Араб Әмірліктерінің  Астанадағы елшісінің өзі келіп осында ауызашар бермек. Алдағы уақытта біз үлкен ақымды қылып өткізгіміз бар, жоспар бойынша. Енді орындалады деген ойдамын».

Айта кетейік, Рамазан айының соңына дейін Алла үйінде дастархан жайылып, көпшілік үшін ауызашар беріледі.